Сарысулық жастар жалыны

112
Жыл басынан бері жастар арасында 734 іс-шара ұйымдастырылып, 13142 жас қамтылды
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, психологиялық, құқықтық кеңес беру, NEET санатындағы уақытша жұмыссыз жастармен жұмыстар жүргізу — Жастар ресурстық орталығы жұмысының басым бағыты болып табылады.
Бүгінгі таңда аудандағы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны — 12382. Бұл аудан халқының 28% пайызын құрайды. (Жаңатас қаласында жастардың саны – 6906, ауылдық округтерде – 5476).
Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы ауданымызда іске асуда. Аталған бағдарлама 11 бағыт бойынша жүргізілуде. Олар: рухани-адамгершілік, спорттық, мәдени-шығармашылық, құқықтық, діни, психологиялық, экологиялық, этносаралық, әскери–патриоттық, жастарға кеңес беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Бағдарлама аясында жыл басынан бері 734 іс-шара ұйымдастырылып, 13142-ге жуық жас қамтылды. Сонымен қатар, волонтерлік қызмет көрсету бойынша жыл басынан бері – 131 іс-шара ұйымдастырылып, 1740 жас қамтылды.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.