ЖИЕНБЕТТЕ ЖАҢА БІЛІМ ОШАҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

66
1 қыркүйек – еліміздегі барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Ал, бүгін ауданымыздағы Жиенбет ауылында бұл қуаныш еселене түсіп, су жаңа 100 орындық зәулім мектеп пайдалануға берілді.
Заманауи үлгіде бой көтерген мектептің пәндік бөлмелері мен оқу кабинеттері де қазіргі талаптарға сай құрал-жабдықтармен қамтылған. Бүгін жаңа білім ошағы салтанатты түрде ашылып, онда бүлдіршіндер мен ұстаздан үшін алғашқы қоңырау соғылды. Осыған орай ауылдықтардың көптен күткен қуанышын бөлісіп, ұстаздар мен оқушылардың алдағы оқу жылына сәттілік тіледік.
Ендеше, баршамызға жаңа білім ошағының ашылуы құтты болсын! Іші дарынды, ақылды, мектептің абыройын асқақтататын оқушыларға толы болсын! Мектептің жаңа ұжымына сәттілік пен мол табыстар тілейміз! Білім күні құтты болсын!

Бақытжан Жәнібеков 

Leave A Reply

Your email address will not be published.