Жібек Құламбаева ITF турнирінің финалына шықты

139

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уэргомен жұптық сайыста Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің финалына жолдама алды.

Құламбаева мен Уэрго жартылай финалда ресейлік Анастасия Гасанова мен Анастасия Гуреваны жеңіп, шешуші кезеңге өтті. Матч бір сағаттан сәл ұзақ уақытқа созылды. Олар 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Финалда қазақстандық-италиялық жұп тайвандық Ли Ю-Юнь мен қытайлық Ли Зонг дуэтіне қарсы ойнайды. Финалдық матч 15 ақпан күні сағат 12:00-де өтеді.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.