Қаржылық мониторингі агенттігі Ұлытау облысы тұрғындарына қатысты қаржы пирамидасының жарнамасы мен басшылығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған.
Аталған азаматтар жоғары табысты уәде ете отырып, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 млн теңгеден асты, сондай-ақ 37 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.