Жетісудағы дүкенде жойқын жарылыс: Бірнеше адам зардап шекті

86

Оқиға орнына ТЖД-ның 27 қызметкері мен 6 техникасы жедел жұмылдырылды.

Жетісу облысы, Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы «Малика» дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылып, ғимараттың бір бөлігі құлады. Үш адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 15 ақпан күні сағат 18:45 шамасында дүкен ғимаратында газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелген. Өрт шықпаған.

Жарылыс салдарынан ғимараттың сыртқы қабырғасының бір бөлігі мен шатыр конструкциясы құлаған. Зақымданған аумақ шамамен 36 шаршы метрді құрады.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. Дәрігерлер тексеруінен кейін олар аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, барлығы есін біледі.

Оқиға орнына ТЖД-ның 27 қызметкері мен 6 техникасы жедел жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта жарылыстың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: видеодан скриншот

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.