Жетісуда сот ғимаратына бомба қойылды деген жалған ақпарат тараған

235

Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына бомба қойылды деген ақпарат жалған болып шықты. Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады turkystan.kz.

Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісу және Алматы облыстарының сот ғимараттарын полицияның жедел қызметі арнайы иісшіл иттердің көмегімен тексеріп шыққан. Алайда, ғимараттардан ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

«Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 273-бабы бойынша іс қозғалды. Жалған ақпарат бергені үшін аса ірі көлемде айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», – делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Осы жайттан кейін сот қызметкерлері эвакуацияланып, мекемелерге тінту жұмыстары жүргізілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.