Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жою сияқты институттар белсенді жүргізіліп келеді. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті қалыптастыру, оқыту және тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешені көптеп жүзеге асырылуда. Адами факторларды болдырмау, жемқорлықтың алдын алу, оңтайландыру, интеграциялау, жеделдету мақсатында облыс бойынша 16 фронт офис, бес сервистік, 2 ашық әкімдік, қызмет көрсету орталығы құрылған болатын. «Open space» жобасы аясында 50 мекеме жаңа форматта жұмыс істей бастады.
Аймақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар легі мықтап қолға алынған. Бұған дәлел, мемлекеттік органдар, мекеме ұжымдарымен кездесіп, жемқорлыққа мүлдем төзбеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында департамент жанынан құрылған ақпараттық үгіт – насихат штабы өз жұмысын бастады. Бүгінде «Тараз металлургиялық зауыты», «Имсталькон» , «Жанұя» емханасы, «№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесі» ұжымымен кездесу өтті. Бұл бір парасы ғана. Бұдан өзге атқарылған жұмыстар мен бейнероликтер әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат көздерінде тұрақты жарияланып тұрады.
2019 жылы «Transparency Kazakhstan» сарапшыларының пікіріне сүйенсек, Жамбыл облысының тұрғындары мәселесін бейресми шешуге бейім екендіктерін айтқан. Осылайша өңірде жемқорлық көрінісі жиі екендігі анықталған еді. Жыл аяғында 24 желтоқсаннан 31 – не дейін құқықбұзушылық және қылмыс бойынша, олардың жасалуына жол беретін себептері мен жағдайларына «Talap» орталығы талдау жүргізді. Республика бойынша 58336 азамат қатысқан талдаудың нәтижесі жақсарған. Өйткені Жамбыл облысы 7 орынға төмендеген. Алдағы уақытта, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл департаменті мен «Жамбыл адалдық алаңы» жұмысты жүйелендіріп, нақты іс – шаралар мен нәтижелі жобалар іске қосатын болады.
Алдыңғы