Жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

159

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  • көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қандайда бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөз бұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызмет­тер­дің сапасымен қолжетімділігі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Бұл міндетті еңсеру үшін Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.
Бұл шара өз кезегінде Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды, құжаттарды қараудың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды және адамның өзінің баруын қажетсінбейтін ақпараттық мәліметтерді толық элект­рондық форматқа көшіруді көздейді.
Сонымен қатар, халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекет­тік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалар бекітілген. Осы қағидаға сәйкес бүгінгі күнде облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдармен, ауылдық округтер және кенттердің әкімдерімен жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 10-ды құрайды.
Атап айтқанда: «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орна­лас­тыру жобаларын бекіту», «Жер учас­ке­сінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскелерінің бө­лінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқын­дау», «Бүлінген жерлерді қалпына кел­тіру жобасын келісу және беру», «Жер учаскесін жекеменшікке бірден төлеп немесе бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
Осы аталған қызметтер бойынша кәзіргі таңда Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі «Жер учас­келерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Із­дестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» және «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін қызметті қызмет берушінің кеңсесінде, www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және жергілікті атқарушы органдар арқылы алуға болады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.