ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

45
Ауданымызда білім саласына ерекше ден қойылып келе жатыр. Түрлі қолдауларды сезініп жүрген оқушылар түрлі сайыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.
Жуырда Тараз қаласынан сүйінші хабар келді. Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» бірегей жобасын жүзеге асыру, Жамбыл облысында интеллектуалды ортаны қалыптастыру, кітап оқуға ынтаны ояту мақсатында «Ой шебері» зияткерлік ойыны өткізілген болатын.
Аудандардан 450 оқушы бақ сынасқан сайыста ауданымыздың атынан қатысқан М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары бас жүлдені иеленіп, жүзден жүйрік шықты.
6 кезеңнен құралған сайыста оқушылар Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», «Қызыл Жебе», «Бір кем дүние», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Күләш Ахметованың өлеңдер жинағынан, тағы да басқа киелі Әулиеата өңірінің көрнекті тұлғаларының, танымал жазушы мен ақындардың шығармаларына қатысты сұрақтар бойынша білімдері сыналды.
Жеңімпаз жастардың алар асуы алда болғай!

Leave A Reply

Your email address will not be published.