Жеңіл атлетикалық жүгіріс

106
Талас ауданының 95 жылдығы және Қаратау қаласының 60 жылдығына орай ерлер арасында жеңіл атлетикалық жүгіріс ұйымдастырылды.
«TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС демеушілігімен өткен жеңіл атлетикалық жүгіріс Б.Момышұлы көшесінен басталып (Қаратауға кіре берістегі аркадан) Д.Қонаев көшесінің жоғарғы жағы, А.Шейн көшесі және Ә.Молдағұлова көшесін бойлай Орталық алаңда аяқталды. Яғни жүгірушілер мәре сызығын кесті.
Жалпы жүгірушілер 3,6 шақырым қашықтықта екі жас ерекшелігі бойынша 21-35 және 35 жастан жоғары өзара кім мықтыны анықтаған болатын.
Жеңіл атлетикалық жүріс жүлдегерлерін Талас ауданы әкімінің орынбасары Жайықбай Шалдаров марапаттап, алдағы бәсекелерге сәттілік тіледі.
Жеңімпаз жүлдегерлер ақшалай сыйақымен марапатталды:
I орын: 50 000 тг.
II орын: 30 000 тг.
III орын: 20 000 тг.

Leave A Reply

Your email address will not be published.