ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ

70
Талас ауданы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлім басшысы Тауасаров Ауданбек Жүзбосынұлының және «TALAS ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсе жетекшісінің қатысуымен AMANAT партиясының мәжіліс залында Қаратау Тау-Кен технологиялық колледжінің, Қаратау білім, бизнес және технологиялық колледжінің және Қаратау құрылыс және техникалық колледжінің студенттік парламент мүшелерімен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кездесу өтті.
Жиында Ауданбек Жүзбосынұлы өзінің еңбек жолы туралы және атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып, жастарды адал еңбек етуге, білімді болуға шақырып, жастарға кәсіп бастау үшін мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берді.
Кездесудің мақсаты, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, жемқорлықтың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянын түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, адалдық пен парасаттылықты дәріптеу арқылы сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет құруды, жастарға парақорлықтан сақтануға шақыру және өскелен ұрпақтың бойында әділдік пен сенім құндылықтарын сіңіріп адал еңбек етуге шақыру болып табылады.

 

Талас ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.