Желіде өскемендік қыздың аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады

134

Әлеуметтік желіде жас қыздардың өзімен қатарлас құрбысын аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Өскемендегі сауда орталықтарының біріндегі әжетханада болған деп хабарлады turkystan.kz.

Видео Egov.press телеграм арнасында шықты.

«Өскемен қаласындағы АДК сауда үйі. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі шара қолданып, кінәлілерді көпшілік алдында есеп беру арқылы жауапкершілікке тартуды сұраймыз! Әріптестер, осы заңсыздықты жария етуге көмектесулеріңізді сұраймын. Бейнежазбаның түпнұсқасын құқық қорғау органдарына береміз», – деп жазылған аталған телеграм арнасында.

Altaynews сайтының хабарлауынша, аталмыш оқиғаға қатысты ШҚО ПД мен Өскемен қалалық білім бөлімі пікір білдірді.

Оқиға бір айдан астам уақыт бұрын, яғни 1-2 наурыз күндері болған. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша Өскемен қалалық Ертіс полиция бөлімшесінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қыздар кәмелет жасқа толмаған.

Қыздардың жеке басы анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір кәмелетке толмаған қыздармен психолог маман жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті Өскемен қалалық білім бөлімі.

https://turkystan.kz/article/218849-zhelide-oskemendik-kyzdyn-ayausyz-sokkyga-zhygylgan-videosy-tarady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.