Желіде қазақ тілінде сабақ беретін Вячеслав Смирновтың видеосы тарады

80

Жас дене шынықтыру мұғалімі туралы видео Қазнетте кең тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Қысқа бейнелер сериясында кейіпкердің сабағын қазақ тілінде өткізіп, түрлі жағдайға тап болатыны көрсетіледі.

Басты кейіпкері – Вячеслав Смирнов.  Kemel мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді.

Өзі туралы: «Бұрыннан мұғалім болып жұмыс істегім келетін. Бұған дейін түрлі салада жұмыс істеп көрдім. Жақында педагогикалық білім алып, мектепке жұмысқа келдім. Қазақ тілін әскерде жүріп үйрендім. Содан бері үнемі жетілдіріп келемін», – деді.

Мектеп басшылығы жас педагогтың идеяларын, қазақ тілі мен мәдениетін насихаттауға деген ұмтылысын қолдайды. Өйткені, мектептегі білім беру жүйесі Абайдың «5-тен 5-ке дейін» оқыту тұжырымдамасына негізделген.

«Біз ұжымда Вячеслав сияқты креативті мұғалімнің бар болғандығына қуанамыз. Вячеславтың қазақ тілін қаншалықты жақсы меңгергенін көріп, қолдауға шешім қабылдап, шағын сериал түсірдік. Көрерменге ұнайды деген үміттеміз. Оқушыларды ұлттық тәрбие мен дәстүрді құрметтеуді үйретуге тырысамыз. Абайдың «5-тен 5-ке дейін» тұжырымдамасы баланың 5 жастан бастап біртіндеп білім беру ортасына түсетіндігін білдіреді», – деді Kemel мектебінің директоры Раш Шахеризада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.