«ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН» ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

80
Үстіміздегі жылдың 27-28 қаңтары аралығында Тараз қаласында «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен жасөпірімдер, жастар және ересектер арасында Жамбыл облысының чемпионаты өткен болатын.
Жарысқа 2008-2009, 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер, 2004-2005, 2006-2007 жылы туылған жастар және ересектер (ерлер мен әйелдер) қатысты.
Аталған облыстық чемпионатқа біздің ауданнан жастар мен жасөспірімдер қатысып, бақтарын сынады.
Тартысты өткен жарыста Жаңатас қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері, жастар арасында 80 кг салмақта Алихан Чапаев 1 орынды жеңіп алса, 55 кг салмақта Архабай Тимур, 59 кг салмақта Бейбіт Аслан жүлделі 2 орынды, жасөспірімдер арасында 34 кг салмақта Әбдіманап Бекарыс жүлделі 2 орынды жеңіп алды.
Жүлде құтты болсын, жерлестер!

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.