Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 РМ мекемесінде суицидтің алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Н.М. Каипов қатысты. Іс-шара барысында жеке құрамға және арнайы контингентке суицидтің алдын алу, оның себептері мен салдары, сондай-ақ психологиялық тұрақтылықты сақтау жолдары түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстары барысында қызметкерлер мен сотталған азаматтарға өмірлік қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, психологиялық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы ақпарат берілді.
Жалпы, өткізілген іс-шараның мақсаты – суицидтік әрекеттердің алдын алу, құқық бұзушылықтардың болдырмау және психологиялық ахуалды тұрақтандыру болып табылатыны жөнінде ескертілді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты №25 мекемесінің аға инспектор психологы әділет майоры М.К.Сейдуллаева.