ZHEIF-2023: Шетелдік компаниялармен құны 700 миллион АҚШ долларын құрайтын меморандумдарға қол қойылды
«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында Жамбыл облысы әкімдігі мен ірі шетелдік компаниялары арасында меморандумдарға қол қойылды.
7 ірі шетелдік тауар өндіруші компаниялармен жасалған келісімге сәйкес инвестициялық жобалардың жалпы құны 700 миллион АҚШ долларынан асады.
Олардың қатарында Индия, Сингапур, Германия, Венгрия секілді бірқатар мемлекеттердің инвесторлары бар.
Шетелдік компаниялар Жамбыл облысы аумағында ферроқорытпа, цемент зауытының құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, күн электр станцияларын салу, тамақ өнеркәсібі және логистика индустриялық паркі секілді жобаларды жүзе асыруды жоспарлауда.
Жамбыл облысы әкімдігі