«Жазықсыз кетіп барамын»: «Адай» күйіне сөз жазып танымал болған әнші қамауға алынды

46

Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялап, оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Жазықсыз кетіп барамын": "Адай" күйіне сөз жазып танымал болған әнші қамауға алынды

Танымал әнші Арман Көмекұлы жол ережесіне қатысты айыпты деп танылып, 15 күнге қамауға алынды.

“Кеше Шаляпин бойында келе жатқанымызда бізді жол-патрульдік полициясы тоқтатты. Себебі көлігіміздің сақтандыруы жоқ екен. Мен рөлді масаң күйде айдаған жоқпын. Ағама берген болатынмын. Ол да сап-сау еді. Сол кісіден күдіктеніп, сараптамаға алып барып, қанынан жағымсыз заттар табылды. Не керек, 15 күнге кетіп бара жатырмын. Жазықсыз кетіп бара жатқан секілдімін. Өйткені өзімнің көлігімді сау адамға бердім деп ойладым», – деп жазды әнші.

Әнші сонымен бірге сотқа апелляция беру үшін адвокат іздейтінін де мәлімдеді. Алайда көп ұзамай, парақшасынан жазбасын өшіріп тастады.

Фото: YouTube

Айдана Абаева

https://inbusiness.kz/kz/last/zhazyksyz-ketip-baramyn-adaj-kujine-soz-zhazyp-tanymal-bolgan-anshi-kamauga-alyndy?fbclid=IwY2xjawG-lwBleHRuA2FlbQIxMQABHWIl-QgcQFdbDAHCP2ZU1aoX8g0jGHO9gSc05MJO-dXJpd791yUDN28N5g_aem_l4wt5FOoeCwOwhWY3rgeQg

Leave A Reply

Your email address will not be published.