ЖАЗУШЫ ПЕРНЕБАЙ ДҮЙСЕНБИННІҢ 80 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ

164
Пернебай Дүйсенбин – есімі көпшілікке жақсы таныс қаламгер, балалар жазушысы. Жазушының балалар әдебиетіне қосқан еңбектері мен сырлы шығармалары, тарихи, танымдық, деректік кітаптары оқырмандар сүйіп оқитын шоқтығы биік туындылар.
Бүгін ауданымызда қарымды қаламгер, Еңбек Қызыл Ту орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Дарабоз» сыйлығының Гран-при иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, халықаралық, республикалық әдеби конкурстардың сегіз дүркін жеңімпазы, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Пернебай Дүйсенбиннің 80 жас мерейтойы өтуде.
Мерйетойлық шараға Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған еліміздің түкіп-түкпірінен жазушылар, ғалымдар, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері мен қоғам қайраткерлері, журналистер, белгілі өнер адамдары, жазушының шәкірттері және аудан тұрғындары қатысып жатыр.
Салтанатты шара мерейтой иесінің шығармашылығына арналған кітап көрмесін және жазушының өмір жолынан сыр шертетін бейнетүсірілімді тамашалаудан басталды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.