Жазғы лагерьлерде оқушыларға арналған дәрістер өтті

1 791

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі балалар сауықтыру лагерлерінде дәрістер өткізді.

Аталмыш шара Байзақ ауданындағы «Бәйтерек» және Жуалы ауданындағы «Тау самалы»  жазғы лагерлерінде өтті. Оның аясында «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы, педагогика магистрі Альбина Тапаева оқушыларға жалпыұлттық бірлік пен  қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі турасында түсініктемелер берді.

Кездесудер барысында лектор коммуникативті диалог алаңдарын жасай отырып, оларға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының және «Қазақтану» жобасының негізгі құндылықтарын түсіндіріп, жас тыңдаушылардың ойларына «Біртұтас болашақ», «Қазақстандық біртектілік», «Қоғамдық келісім» секілді маңызды түсініктермен таныстырды.

Дәріс тыңдаушылары республика мен облыстың полиэтникалық және көп этносты тұрғындарының өмірі мен мәдениеті  туралы нақты мысалдарға негізделген инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістерді тыңдап, зерттелетін мәселелердің мәнін терең түсінуге бағытталған жаттығу сабақтарын алды.

Сонымен қатар, рухани және мәдени құндылықтарды қалыптастыру, жастардың бойында бірегейлікті және ынтымақтық қасиетін арттыру мақсатында жастар арасында инновациялық әдістемелерді қолдана отырып тренинг, балалардың білімдерін нығайтуға арналған  сұрақтар және спорттық іс-шаралар өткізілді. Нәтежиесінде жеңімпаздарға  бағалы сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.