Жамбыл облысы бойынша №59 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында Тараз қалалық №5 емханасының окулист дәрігерлері, скрининг және ЭЭГ аппараттарын мекемеге акеліп сотталғандарды тексеруден өткізді. Басты мақсат- сотталғандардың денсаулық жағдайын, олардың жай-күйін бақылап, сапалы медициналық көмек көрсетіп, түзелу жолына түскен сотталғандарға қоғамға оралуға жағдай жасау. Мекеменің медицина қызметкерлері жазасын өтеуші азаматтардың денсаулық жағдайын басты назарда ұстап, барлық медициналық шараларын жасауда.
Алдыңғы