ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға өол қойды. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жиын өтті.
Мекеменің тәрбие бөлімі мен арнайы бөлім қызметкерлері ұйымдастырған түсіндіру жұмыстарына мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар қатысты.
Басқосуда сотталғандарға жуырда қабылданған «Рақымшылық туралы» Заң жайлы толық түсінік беріліп, оның аясында кімнің бостандыққа шыға алатыны бүге-шігесіне дейін түсіндірілді. Сонымен қатар туындаған сұрақтар тыңдалып, толыққанды жауаптар берілді.
Айта кетейік, ізгі шараның арқасында елімізде жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Соның екі мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады. Рақымшылыққа онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана ілінеді.