Жазасын өтеушілерді ревакцинадан өтуге шақырды

171

Бүгінде әлемнің бірқатар елдерінде коронавирус пандемиясы қайта өршіп барады. Тіпті, кей мемлекеттерде бұл індеттен көз жұмғандардың саны күн санап артуда. Осылайша, төрткүл дүниедегі ахуал күрделенуде. Осы тұста вакцина салудың маңыздылығы артып, ревакцинадан өтудің де рөлі айрықша екендігі анық. Елімізде эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында ақ халаттылар жабық мекемелердегі сотталған азаматтарға да екпе егуде.

Жуырда облыстық клиникалық-диагностикалық медицина орталығының эпидемолог дәрігері Талғат Оразбекұлы ЖД-158/2 мекемесінде арнайы барып, ондағы жазасын өтеушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Білікті дәрігер өз сөзінде індетті жеңудің бірден-бір жолы вакцина салу, ревакцинадан өту екендігін қадап айтты. Айта кетейік, бұл күнде өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты барлық түзеу мекемелеріндегі сотталған азаматтар екпеге қарсы вакцина алып үлгерсе, кейбірі ревакцинадан да өтіп үлгерген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.