Жазасын өтеушілер жоғары білім алуға ниетті

58

Қазір түзелемін, оң жолға қадам басамын деген адам үшін барлық жағдай жасалған. Өйткені, елімізде жазасын өтеп жатқан азаматтарға да жоғары білім алуға мүмкіндік мол. Тек ниет болса жеткілікті.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде сотталғандардың жоғары білім алуға деген тілектерін егжей-тегжейлі зерделеу мақсатымен сауалнама жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Үкімет Аппараты басшысының 2024 жылғы 26 наурыздағы білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті кеңейту бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде өткен шараны Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі арнайы қатысқан шараға мекемедегі жазасын өтеуші азаматтар белсене атсалысты. Олар сауалнамадағы жоғары білім алуға бағытталған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.