Жазасын өтеушілер «Ловушка» пьесасын тамашалады

143

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың түзеліп, қоғамға қайта бейімделуі мақсатында мәдени шараларды көптеп пайдалану жүйелі жолға қойылған. Осыған орай мекемеде түрлі мәдени-көпшілік жиындар жоспарға сай өткізіліп отырады. Соның бірі күні бүгін ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, мекемеге Жамбыл облыстық орыс драма театрының шығармашылық труппасы келіп, Робер Томның «Ловушка» комедиялық детективін соттталғандар назарына ұсынды.

Режиссер Бекназар Ізбасаровтың қойылымындағы «Ловушка» спектаклінің сюжеті қызықты болды. Қойылым созылған бір жарым сағатқа жуық уақыт ішінде көрермендер айналасындағылардың барлығы алдап, өз қажетіне пайдаланғысы келетін басты кейіпкерге жанашырлық танытумен болды. Тек пьеса соңында ғана оның  шындықты жасырып, жауапкершіліктен құтылып кетуге тырысқаны анықталды.

– Спектакль көру тәрбие жұмысының бір бөлігіне айналды. Өйткені оқиғалардың дамуын бақылай отырып, жазасын өтеушілер басты кейіпкерлің әрекетін өздері арқылы өткізіп, оның істеген ісінің қай жері дұрыс, қай жері бұрыстығын іштей таразылап көрді. Бұл адамның өзіне, өз іс-әрекетіне сырттай баға беруге мүмкіндік береді, – дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.