Жаз мезгілі аяқталып, күз келісімен-ақ елдің «Биылғы қыс қатты болады екен», деген сөзін жиі естиміз.

79

Кейде қазан айының бірде жылы, бірде салқын құбылмалы ауа райы да қыр астында тұрған қыстың мінезін ептеп сездіретіндей.
«Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей, күн жылы, жер қара кезде қысқа дайындық жұмыстарын жүйелеп алған жөн.
Бүгінде аудан мектептерінде оқу жылына дайындық қызу жүргізілуде. Барлық білім беру ұйымдарында ағымдағы жеңіл жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Бүгін Талас ауданы білім бөліміне қарасты, тау аймағында орналасқан мекемелердің жылу жүйесінің жұмыстарын аудандық білім бөлімінің басшысы Мақсат Қазанғапов көріп, аралап шықты.
Білім ошақтарының жылу жүйесі тұрақты беріліп тұр, орындары жеткілікті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.