Халықтың көптен күткен арманы орындалды десек те болады. Мешіт – ұлы мәдениеттерге, адамгершілік пен ізгілікке, рухани құндылықтарды қасиеттей білуге тәрбиелейтін қасиетті орын. ![]()

Күні кеше Қамқалы ауылдық округі, Жайлаукөл ауылында жаңа мешіттің салтанатты ашылуы өткізілді.![]()

Ауданның бас имамы А.Каримбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жұмаділдаев құттықтау сөз сөйледі.![]()

Мерекелік шара барысында қошқар көтеру, арқан тарту, кіші футбол және көкпар спорттық ойындары өткізіліп, жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табыстылды.![]()

Ауыл жастары жаңадан тағайындалған имамға автокөлік мінгізді.