Жауынгерлер рухына тағзым етті

87
Бүгін  Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйі алдына Қайнар әскери бөлімшесінде болған жарылыстан қаза тапқан жерлестерімізге арналған мемориалдық ескерткіш жанында жиын өтті.
 Жиынды аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков ашып, бұдан екі жыл бұрын әскери бөлімшеде орын алған жарылыстан туындаған алапат өртті сөндіру  кезінде ерен ерлік көрсеткен батыл да қайсар, байзақтық 9 әскери жауынгердің ерлігі ешуақытта ұмытылмайтындығын, ерлік мәңгілік жасай беретіндігін айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков жерлес жауынгерлеріміздің есімдері көше,  білім ошақтарына берілсе, кейінгі жастар соларға қарап бой түзейтіндігін жеткізді. Марқұм жауынгер Елдос Сандыбаевтың ағасы Серік осындай хас ерлеріміз тәрбиені отбасынан алғандығын,  жыл сайын ерлікке құрмет көрсетіліп жатқандығы үшін алғысын білдірді.
 Қаза тапқан жерлестерімізді бір минут үнсіздікпен еске алынып,  мемориалдық ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды. Жауынгерлер рухына тағзым етілді.

 

Байзақ ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.