«Жасыма сай ма?»: Ләйлә Сұлтанқызы мотивациялық видео жариялады

114
«Жасыма сай ма?»: Ләйлә Сұлтанқызы мотивациялық видео жариялады
 Сурет: https://egemen.kz

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарын өзгенің пікірімен емес, өзінің қалауыңмен өмір сүруге шақырды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Осы сәт қайтып келмейді. Уақытыңды бос уайымға құртпа. Негізі осындай дүниелерді салуға ыңғайсызданатынмын. «Жасыма сай ма?», «Ұят емес пе?», «Өзгенің қытығына тимей ме?» деген сұрақтар мазалайтын. Бірақ былай қарап тұрсаң өмір менікі ғой… Осыдан түйетін ой, пенденің емес, Жаратқанның алдындағы абыройды бірінші орынға қойған әлдеқайда дұрыс. Сіз жүрген ізбен аяқ баспағандар сізді бәрібір түсінбейді. Өзім де өзгені албаты сынамаймын сондықтан. Қысқасы, қып-қысқа ғұмырымыз мәнді, мағыналы болса болды емес пе?», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

https://turkystan.kz/article/244304-zhasyma-sai-ma-l-il-sultankyzy-motivatsiialyk-video-zhariialady

Leave A Reply

Your email address will not be published.