Жасыл ел – ортақ мүдде…

62
Демалыс күнін спортқа арнайтыным бар. Бүгін Астананың Ботаникалық саябағында таңертеңгі 8 км жүгірістен соң, бірер уақытымды ел болашағы үшін игі іске арнадым. Саябақта тал көшеттерін отырғызушы жұмысшылардың жағдайын сұрап, көмек көрсетіп, Астананың жасыл желегін көбейтуге өз үлесімізді қостым.
Бүгінде «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында өткізілетін жалпыхалықтық сенбілікке халықтың белсенділігі артып келеді. Оны саябақтағы жұмысшыларда растап отыр. “Қарапайым халық қанағатшыл келеді” демекші, бұл жұмысшыларымыз Қарағанды облысы, Нұра ауданының Нұра кентінен 100 км қашықтықтан таңертеңгі сағат 05.00-ден ауылынан шығып, сағат 06.30-дан бастап жұмыстарына кіріседі. Жұмыс істеп, табыс табуға мүмкіндік берген Астана қаласының Есіл ауданы әкімшілігіне алғыстарын айтуда.
Қарапайым халықпен жұмыс істеуде, олардың ахуалын сұрау бұоыннан менің кәсіби дағдым болғандықтан көмектесе жүріп, әңгімелестік.
“Таза Қазақстан” жобасы аясында халыққа тазалық мәдениетін қалыптастыруға үгіт жасау маған адами парыз сияқты. Тиісті түсіндірме жасап, олардың еңбектері елене беруіне және табыстарының берекесі болуына тілектестігімді білдірдім.
Астана қаласы билігінің халық үшін жасап жатқан қолайлы жағдайы – бұл халыққа, табиғатқа, болашақ ұрпаққа деген жанашырлықтың белгісі деп білемін.
Жасыл желек – тек көркемдік емес, ол – экологияның тұрақтылығы, қоғам денсаулығының кепілі. Сондықтан көгалдандыру, елді мекендерді тазалау – әрбір азаматтың парызы.
Тазалық – мәдениеттің айнасы. Шет елден келіп жатқан қонақтарымыз біздің елдің мәдениетіне баға береді. Өскелең ұрпаққа үлгі болып, оларға қоршаған ортаға деген жауапкершілікті дарытады.
Барлық халықты тазалық мәдениетін ұстануға, жасыл болашаққа бірге еңбек етуге шақырамын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.