Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылы, «Жасөркен» атпен серуендеу аймағында Республикалық «JasSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасы өтті.
Аталмыш жобаға 65 адам қатысты. Оның ішінде: 42 – жобаға қатысушылар (Республикамыздың өңірлерінен (10 облыс) 19 қатысушы және Жамбыл облысынан 23 қатысушы) және 27 – ұйымдастыру комитеті, түсірілім тобы, ерікті жастар.
Жобаның мақсаты: Әр түрлі сала жастарын тарта отырып, қазақтың ұлттық спорт және ойын түрлерінен жарыстар өткізу арқылы жастар арасында ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтар мен дәстүрді қайта жаңғыртып, телевизиялық жоба арқылы келер ұрпаққа дәріптеу, Ұлттық спорт түрлерінен сайыстарға қатыстыру арқылы ұлттық спорт және ойын түрлерімен таныстыру, оның мәнін, ұлттық маңыздылығын ұғындыру, элементтерін үйрету, өңірлердегі «Жастар ресурстық орталықтары» арасында достық қарым-қатысты нығайту және жастар арасында ұлттық құндылықтарға негізделген өңірлік жоба қалыптастыру.
Мазмұны: 5 маусым күні қатысушыларға Тараз қаласының тарихи-мәдени орындарына экскурсия ұйымдастырылды.
«JasSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасы аясындағы жарыс 2024 жылдың 5-7 маусым күндері аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылы, «Жасөркен» атпен серуендеу орталығында өткізілді.
Жарыс бекітілген ережеге сәйкес өткізілді.
Жобаға 18-35 жас аралығындағы «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері және әр саланың белсенді жастары қатысты.
Сайысқа қатысушылар 8 түрлі cайыс түрлерінен сынға түседі. Атап айтқанда: қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, қол күрес, қой көтеру, ләңгі тебу, сиыр сауу, көмбе (таба) нан пісіру және арқан тарту.
Жобаны телеарнадан көрсетілімін ұйымдастыру үшін түсірілім тобы, жобаның режиссері, телеарнаның жүргізушілері жұмыс жасады.
Әр сайыс бойынша төрешілер және нұсқаушылар бекітілді.
Жүлделі орындар:
І-орын (командаға) – 700 000 (жеті жүз мың) теңге;
ІІ-орын (командаға) – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
ІІІ-орын (командаға) – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге.
І — орын алған команданың әр мүшесі жобаның арнайы мүсіншесімен (статуэтка), дипломымен және ІІ, ІІІ — орын алған командалардың әр мүшесі дипломдармен марапатталды.
Қалған 21 қатысушының әрқайсысы 20 000 тенгеден, жалпы 420 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлықтарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Еліміздің 10 өңірінен (Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қостанай облысы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Жетісу облысы, Алматы облысы, Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы) келген
19 қатысушы және Жамбыл облысынан 23 қатысушысы 6 командаға бөлініп (әр командада 7 қатысушыдан), сайысқа қатысуға мүмкіндік алды.
Мәселен, Бекболат Жаслан Биболатұлы (Қостанай облысы) қазақ күресі сайысының үздік қатысушысы атанды.
Себешов Жанболат Аманқосұлы (Ақтөбе облысы) қол күресі сайысының үздік қатысушысы атанды.
Тәшкенбай Айбек Әмреқұлұлы (Түркістан облысы) дәстүрлі садақ ату сайысының үздік қатысушысы атанды.
Рүстембекова Дана Нұржанқызы (Алматы қаласы) көмбе (таба) нан пісіру сайысының үздік қатысушысы атанды.
Доғдырбай Дәурен — қой көтеру, Аппасов Айдос Құдайберсінұлы — ләңгі тебу, Мұхаметқали Аяулым Қанатқызы — (барлығы Жамбыл облысынан қатысушалар) сиыр сауу сайыстарының үздіктері атанды.
Жалпы командалық есепте жүлделі ІІІ-ші орынды «СҰҢҚАР» командасы (көк түсті команда, көшбасшысы — Сарсенбаев Нурсултан Чапаевич (Батыс Қазақтан облысы), ІІ-ші орынды «АЛАШ» командасы (сары түсті команда, көшбасшысы — Қожахметов Данияр Қуанышұлы (Қостанай облысы) иеленсе, Республикалық «JasSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасының жеңімпазы болып «САҚ» командасы (сары түсті команда, көшбасшысы — Ескулов Пердебек Сержанұлы (Түркістан облысы) атанды.
Шараға арнайы қатысқан Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Досымбекова Махпал Сатыбалдықызы және Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры Қалиев Сауран Қалиұлы жүлдегерлер мен қатысушыларды марапаттап, «JasSAQ» этно-реалити жобасының эстафеталық туын 2025 жылы шараны өткізетін аймаққа, яғни Түркістан облысына арнайы табыстады.