Жаңаарық ауылдық округі әкімінің сайлауы жоғары деңгейде өтуде. Таң атысымен сайлау учаскелеріне ағылған тұрғындардың қарасы қалың. Солардың арасында 18 жасқа келіп, алғаш рет дауыс беруге қатысып отырған жастар да бар.
№380 сайлау сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасаған 18 жасар Разия Алдаш өзінің әсерімен былай деп бөлісті: — Бүгінгі әкімнің сайлауы жастар үшін аса маңызды саяси оқиға. Ауыл жастарына қолдау көрсететін әкімді таңдау әрбір жастың азаматтық парызы деп білемін. 18 — ге толып алғаш рет саяси науқанға қатысып отырғаныма қуаныштымын, — деді. Жас сайлаушыға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлық тарту етілді.