Жастар бос уақытын тиімді пайдалануда

183
Жаз мезгіліндегі жастар арасындағы көңілді де қызықты шаралар жалғасын табуда.
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жаңатас қаласында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында пробация есебінде тұрған жастар арасында «Спорт және жастар – салауатты өмір негізі» атты эстафеталық ойын өтті.
Командалық жарыстың қорытындысы бойынша І орынды «Сарысу» командасы, ІІ орынды «Жасыл ел» командасы, ІІІ орынды «Қыран» командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.