САЯБАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ МЕН КЕЛБЕТІ КЕЛІСТІ БОЛА ТҮСЕДІ

91
Шу қаласының аймағы күннен күнге кеңейген сайын оның сәулеттік келбетіне де ерекше көңіл бөлінуі қажет. Әсіресе, халық көп жиналатын қоғамдық орындардың тұрғындарға жайлы болуы аса маңызды.
Осыны ескере отырып, Шу қаласындағы Жеңіс саябағын қайта жаңғыртуды ұйғардық. Қаланың Батыс мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердегі халықтың санын ескерер болсақ, бұл маңдағы саябақтың да жайлы болуы тиіс. Бұл ретте, саябақтың қасбетін көркейтуде кәсіби мамандардың көзқарасы мен тұрғындардың талап-тілегі ескерілуде.
Бүгін қала әкімімен бірге осы бағыттағы жұмыстарды жан-жақты саралап, эскиздік жобасын талқыға салдық. Аталған жоба аясында саябақтағы субұрқақтар, жасыл желек, жарық шамдары, орындықтар, ойын және спорт алаңшалары заманауи үлгіде орналастырылып, саябақтың жалпы келбеті қалпына келтірілмек. Сол арқылы қаланың сәулеті сәнденіп, ажары айшықтала түсетін болады.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.