ЖАСАМПАЗ ІСТЕР ЖЕТЕРЛІК.

184
Киелі Сарысу өңіріндегі Жайылма ауылдық округі таланттар мекені.
Даңқты актер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, опера әншісі Амангелді Сембин, жазушылар Берік Шаханов, Пернебай Дүйсенбин, Қали Сәрсенбай, Болатбек Төлепберген, ақын Тынышбай Рахым, сазгер Төлеу Үшқоңыров, жезтаңдай әншілер Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, қазақ күресінен балуан Бөрібек Тоғызақбаев, таэквондошы Қайрат Қырғызбаев сияқты танымал мәдениет және өнер, спорт саңлақтары мен көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері түлеп ұшқан аймақ.
Жайылмада жарқын істер жетерлік.
Ауылдық округте көшелер жөнделіп, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары кезең кезеңімен атқарылуда. Елді мекенде еңсесін тіктеуге бағытталған байыпты бастамалар қолға алынып, олардың біразы бүгінгі күннің өзінде жүзеге асып үлгерген.
Бұл жөнінде бүгін Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жайылма ауылдық округінің әкімі Смағұлов Жандарбек Бекболатұлы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жайылма ауылдық округі 1992 жылы 20 ақпан күні құрылған.
Жайылма ауылдық округінің құрамына Жайылма, Қызылдихан, Маятас және Ақтам елді мекендері кіреді.
Халқының саны 3823 адам, аула саны — 573
Ауылдық округтің барлық аумағы – 388 323,9 гектар
Оның ішінде:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер-86302,4 гектар, елді мекендер жері – 26232,81 га, өнеркәсіп, көлік,байланыс және қорғаныс жері – 7998,9 гектар орман қорының жері – 83306,5 гектар, су қорының жері – 198 гектар.
Ауылдық округте 3 орта мектеп, 3 кітапхана, 3 клуб үйі, 1 өнер мектебі, 1 спорт мектебі, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт жұмыс істейді.
Ауылдық округте жыл басынан бері 42 мәдени, спорттық, көпшілік шаралар өткізілген. Олардың ішінде, ауылдан шыққан тұлғалардың атындағы турнирлер, концерттік бағдарламалар бар. Атап айтқанда, Асанәлі Әшімов, Бөрібек Тоғызақбаев атындағы турнирлер және өнер қайраткерлері Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаевалардың концерттік бағдарламалары бар.
Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына 2 кезеңде Жайылма ауылдық округі таңдалған. Жоба бойынша жалпы 925,9 млн. теңгеге 164 жобаны іске асыру жоспарланды.
Бүгінгі күнге 1,3 млрд. теңгеге 197 өтінім «Тараз» ӘКК-на тапсырылды.
Жоба 5 бағыт бойынша жүргізіледі.
І бағыт.
Үй іргесінде егістік жерлерді игеру
Құрылған кооперативтің ауыл тұрғындарының үй іргесіндегі егістік жерлерін игеруге 4,0 млн. теңгеге өтінім тапсырылып, 3,6 млн. теңге несие алып, 121 аулада 1000 түп алма ағашы отырғызылды.
ІІ бағыт.
Ауладағы мал шаруашылығын дамыту
Жобаға дейін 492 аула мал шаруашылығымен айналысса, жобадан кейін 514 аула (4,5% артқан) мал шаруашылығымен айналысып жатыр.
ІІІ бағыт.
Ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру
Пилоттық жоба бойынша құрылған кооперативтің 248,3 гектар егістік, 18,9 гектар жайылымдық жері бар. Егістік жер 558 гектарға жеткізілді.
Бұл бағытта кооператив 23,8 млн. теңгеге өз қаражаты есебінен 45 тонна тұқым, 20 тонна тыңайтқыш, 35 тонна жанар-жағар май алып, бүгінгі таңда 230 гектардан астам жер жыртылып, тұқымдар себілді.
ІV бағыт.
Құрылған кооперативті жабдықтау
Бүгінгі күнге «МҚҰ-Тараз» ұйымы арқылы 140,8 млн. теңгеге 20 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды.
V бағыт.
Тұрғындардың өз кәсібін ашуы
7 азамат 40,8 млн. теңге болатын жобаларды іске асыру көзделді.
Өз кәсібін бастауға бүгінгі күнге 18,9 млн. теңге 4 өтінім «Тараз» ӘКК-на өткізіліп, қаралу үстінде.
«Ауыл Аманаты» жобасының аясында жеке кәсіпкерлер саны 63 тен 266 ге (4,2 есе) артқан. Жұмыссыздар саны 31 азаматтан 12 азаматқа (2,6 есе) азайып, қосымша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны артқан. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 12 отбасыдан 6 отбасыға (2 есе) азайған.
2023 жылы бюджет есебінен 5 259 000 тенгеге балалар ойын алаңшасын салу, 5 992 000 тенгеге «Жасыл белеу» қоршау жұмыстары, 70 000 000 тенгеге 2,5 шақырым жолды жөндеу, 12 310 000 тенгеге көше жарықтандыру жұмыстары атқарылған.
Демеушілер тарапынан ауылдық округте «Ізгілік», «Достық» саябақтары, «Мәңгілік ел» монументі салынып қолданысқа берілген. Қаражат көлемі – 29,8 млн. тенге. Жомарт түлектер1 715 000 тенгеге демеушілік жасаған. Мұны да ауылдан шыққан азаматтардың өз туған жерін түрлендіріп, түлетуге қосқан үлесі деуге болады.
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша 2020 жылдан бері 3 үй пайдалануға берілген. Биыл 1 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Төрт түлік малда өсім бар.
Мүйізді ірі қара – 4470 бас, қой-ешкі – 34375 бас, жылқы – 1221 бас, түйе – 1408 бас, құс – 2783 бас болып қалыптасты. Қаңтардан – тамыз аралығында мүйізді ірі қара 1057 басқа, қой-ешкі 4206 басқа, жылқы – 435 басқа, түйе – 312 басқа, құс 286 басқа артқан.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 86302,4 гектар. Оның ішінде, егістік 4024,69 гектар, шабындық 3910,9 гектар, жайылымдық 77766,16 гектар, көпжылдық екпелер 600,65 гектар. Биыл 3045 гектар жерге егіс егілген.
«Жайылымдарды суландыру, сумен қамтамасыз ету (құдықтар мен ұнғымалар қазу) жобасы» аясында 2021 жылы 220496 теңгеге 10 құдық, 2022 жылы 175000 теңгеге 10 құдық қазылған. Биылғы жылы 7 құдыққа өтінім беріліп, 6 құдық қазылған. Жұмыстар жалғасып жатыр.
Жалпы, ауылды дамытуға бағытталған жұмыстар жыл сайын өз деңгейінде жүргізілуде. Ауылдың ажары күннен күнге артып, әлеуметтің әлеуеті жақсарып келе жатыр.
Бірлікпен жасалған істің берекесі де болады, нәтижесі де оңалатыны даусыз. Берекесі мен бірлігі жарасқан Жайылмалықтар бүгінде өз ырысын осылайша еңбекпен тасытып отыр.
Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.