ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

93
Өткен жыл өңіріміздегі әрбір сала үшін жетістікке толы жыл болды десек қателеспейміз. Әсіресе, спорт саласындағы қол жеткізген көрсеткіштеріміз көңіл қуантады. Бірқатар жерлестеріміз Әлем және Азия біріншіліктерінде топ жарып, әнұранымызды әлемдік ареналарда әуелетті.Возможно, это изображение 4 человека и текст
Күні кеше аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков дәл осындай белестерді бағындырған жерлес спортшыларымызбен, олардың ата-аналарымен және бапкерлерімен арнайы кездесіп, құрмет көрсетті. Аталған спортшылардың қатарында өткен жылы бокстан екі мәрте ел чемпионы және Бакудегі халықаралық жарыста жеңімпаз атанған Мадияр Бексұлтанов, облысымыздың біріншілігінде топ жарған Айбар Рүстем, Үрімшіде өткен кадеттер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған Арнұр Рүстем және дәл осы жарыстың күміс жүлдегері Мағдсилан Әлкен сынды жас былғары қолғап шеберлері бар.Возможно, это изображение 11 человек и текст
Басқосу барысында спортшылардың алдағы додаларға дайындық барысын талқылап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өткен жылы жеткен жетістіктерімен құттықтап, ата-аналары мен спортшыларға және бапкерлеріне Алғыс хат пен естелік сыйлықтарды табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.