Жас сарбаздарға қару тапсыру рәсіміне қатысты

334

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Байжігітов 5513 әскери бөлімінің атқыштар батальонында жас сарбаздарға қару тапсыру рәсіміне қатысты.

Салтанатты шарада Бақытжан Битөреұлы қару табыс етілген жас сарбаздардың әскердегі өміріне сәттілік тілеп, олардың Отан алдындағы борышын адал атқаратындықтарына сенім білдірді.
— Армия әрдайым сақадай-сай болуы тиіс. Бұл – мемлекет қойып отырған міндет. Сарбаздар лайықты Отан қорғаушылар болады деп сенемін, — деді Б.Байжігітов.

Жалпы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткелі бері Елбасы саясаты арқасында қауіпсіздік күштері нығайтылу үстінде. Азаматтардың әскери міндетін орындауына барынша жағдай жасалған. Қарулы Күштеріміз заманауи техникамен қару-жарақпен қамтылып, жоғары материалдық-техникалық базасы қалыптасты.

Аяжан Иманбекова,
ЖД-158/4 мекемесі кадр саясаты бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.