Аудандық Мәдениет үйінде «Жас маман» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 9 мекеме қатысып, 47 бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар, Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, «Психологиялық кеңес», «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша кеңес беру алаңдары да ұйымдастырылған.
Жәрмеңкеде тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына электромонтёр, математика, орыс тілі және әдебиеті, музыка пәндерінің мұғалімі, тракторшы, жастар ісі жөніндегі инспектор, инспектор-теолог, теміржол станциясының кезекшісі, фтизиатор- дәрігер, акушер-гинеколог, жастар тәжірибесі бойынша мамандар, әртүрлі жұмысшы мамандық түрлері бойынша қажетті мамандар сұхбаттасудан өтіп, кеңестер алды.
«Жас маман» жәрмеңкесіне 130 маман қатысып, оның 52 NEET санатындағы жастар, 15 пробация тіркеуіндегі азаматтар және ауыл тұрғындары. Жәрмеңке нәтижесінде жұмысқа жолдама алып, бағыт-бағдар алған жас мамандар пікір білдіріп, алғыстарын жеткізді.