ЖАС ҚҰТҚАРУШЫҒА АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ

222
Күні кеше М.Мақатаев атындағы Тірек орта мектебінің 3 сынып оқушысы Көктал Әмір Даниярұлы суға батып бара жатқан сыныптасын құтқарып қалған болатын.
Осыған орай бүгінгі балалар күні қарсаңында ержүректілік танытқан ұланға және оның ата-анасына аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков Құрмет грамотасы мен Алғыс хат жолдады.
Аталмыш мектептің соңғы қоңырау салтанатында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Эльмира Асқарова тиісті марапаттарды иелеріне табыстап, аудан басшысының алғысын жеткізді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Тимур Кариевте жас құтқарушыға сый-сияпат жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.