Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласындағы «Әлеуметтік базар» алаңында өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі бүгін де жалғасын тапты.

Жәрмеңкеде Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері болды.
Сонымен қатар жалпы тауық еті, шұжық өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, кондитерлік өнімдер мен макарон өнімдері, тұз, балық, ұн, бал және жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері сатылымға шығарылды.

Жәрмеңкеде Тараз қаласы тауар өндірушілері мен тұрақтандыру қорының өнімдері нарық құнынан 15-20 пайызға төмен бағада өткерілді.