Жарқын бейнесі жадымызда сақталады

91
Күні кеше Әулиеата жұртшылығы облысымыздың Құрметті азаматы, Жамбыл облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Руслан Тулегеновтен мәңгіге көз жазып қалды.
Руслан Қаншыбекұлы саналы ғұмырын мүгедектігі бар азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғауға арнады. Оның тікелей атсалысуымен «Мүгедек және қоғам» бюллетені, «Білім беру саласындағы мүгедек балалардың құқықтары», «Өз құқығыңды қорға!», «Мүгедектермен қарым-қатынас этикасы және тілі» брошюралары жарияланды.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін үздіксіз көтеріп, билік пен бұқараның арасына алтын көпір орната білді. Оның осынау еселі еңбегі мемлекет тарапынан «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы», «Қазақстан Конституциясының 25 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Мейірімділік әлемді құтқарады», «Халық алғысы», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен және Мемлекет басшысы мен Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен айшықталған.
Руслан Қаншыбекұлының отбасына, жақындары мен ағайын-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.