Жапонияда жаңа зымырантасығышты ұшыру сәтсіз аяқталды

83

Жапонияның аэроғарыш зерттеулері агенттігі (JAXA) сейсенбі күні H3 жаңа флагмандық зымырантасығышын сәтті ұшырғанын мәлімдеді. Бірақ бірнеше минут өткеннен кейін-ақ агенттік зымыранды жоюға мәжбүр болды деп хабарлады turkystan.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Зымыран-тасығыштың екінші дәрежелі қозғалтқышы іске қосылмағаннан кейін өздігінен жою туралы бұйрық берілді. Н3 сәтсіз ұшырылғанға дейін оның ұшу уақыты бірнеше рет кейінге шегерілді. Өткен айда ол Танегасима ғарыш орталығынан ұшуына бірнеше минут қалғанда тоқтатылған болатын.

Отандық H2A зымыранының жолын қуған жаңа зымыран-тасығыш, жоспарланғандай, жергілікті уақыт бойынша таңғы 10:37 шамасында ұшырылды. Дегенмен агенттік мамандары көздеген миссияны орындау мүмкін емес деген қорытындыға келгеннен кейін шамамен 15 минуттан соң JAXA зымыранды өздігінен жоюға бұйрық берді.

Ғарыш агенттігінің дерегі бойынша, зымыранның қалдықтары Филиппиннің шығыс жағалауындағы суға құлаған. Қалдықтары құлап жарақат алу немесе бүлінген жағдайлар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бүгінгі сәтсіздік агенттіктің беделіне тағы да соққы болды. Былтыр қазанда Epsilon-6 зымыраны белгіленген траекториядан ауытқып кеткендіктен ұшқаннан кейін бірнеше минуттан соң өздігінен жою туралы бұйрық берілген болатын. Кейінгі сәтсіздік Жапонияның ғарыш стратегиясын қайта қарауға әкелуі мүмкін. H3 зымырантасығышы – негізгі зымырантасығыштың кейінгі 20 жылдағы алғашқы модернизациясы.

Одан күтетін үміт көп болды, себебі ол Жапонияға артықшылық беріп, зымыран ұшыруда бәсекеге қабілетті елге айналдырар еді. Зымыран-тасығыш орбитаға Advanced Land Observing Satellite-3-ді шығаруы керек болатын. Ол табиғат апаттары мен баллистикалық зымырандардың әлеуетті ұшуын бақылайтын жапон үкіметінің негізгі құралы бола алатын еді.

Агенттік мәліметінше, 17 ақпанда зымырантасығышты ұшыру электр құрылғысының ақауына байланысты ұшуға бірнеше минут қалғанда тоқтатылған. Кейінірек JAXA мәселені шешу үшін қадам жасағанын мәлімдеді. Әуелде H3 зымыран-тасығышын 2021 жылдың наурызының соңында ұшыру жоспарланған. Бірақ қозғалтқыштағы мәселеге байланысты жоспарды екі жылға шегеруге тура келді.

Бұл сәтсіздік Жапонияда алғаш рет кейінгі 18 жылда өздері жасаған бірде-бір зымыран сәтті ұшырылмағанын білдіреді. Бағасы 5 миллиард иен немесе 37 миллион АҚШ доллары тұратын H3 зымыраны алдыңғы буыннан екі есе арзан болғанымен, спутник ұшыруға 1,3 есе көбірек мүмкіндігі бар.

https://turkystan.kz/article/215876-zhaponiyada-zhana-zymyrantasygyshty-ushyru-setsiz-ayaktaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.