Күншығыс елінде термометр бағаны 40 градус ыстықты көрсетіп, рекордты деңгейге жетті, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы бір ай ішінде қапырыққа шыдамай, орталық Токиода 96 адам көз жұмды. Бұл туралы Рейтер агенттігі Киодо Нюз агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты 30 сәуір мен 30 шілде аралығында 57 мың адам түрлі деңгейде жарақат алған.