Жәнібек «Канело» үшін Қазақстандағы жекпе-жектен «бас тартты»

194

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) келесі қарсыласы — франциялық Анауэль Нгамиссенгенің (14-0, 9 КО) осал тұсын байқағанын айтты, деп жазады Vesti.kz.

5 сәуірде Әлімханұлы Астанада жекпе-жек өткізеді. Қарсылас IBF рейтингінде жетінші орында тұрған жеңілмеген франциялық боксшы.

«Мен оның әуесқойда жұдырықтасқанын көрдім. Олимпиада ойындарындағы да. Ол жерде дағдыларын жақсы көрсете алды. Қазір кәсіпқойда ол үздік ондықта. Кейінгі айқасында да ол тамаша өнер көрсетті. Бір кемшілігі — ол өте ауыр қозғалады. Сондықтан біз онымен айқасты жылдам қарқында өткіземіз», — дейді Жәнібек.

Жәнібек пен оның менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, егер орта дивизион чемпиондары ары қарай да жұдырықтасудан қаша берсе, Әлімханұлы жоғары салмаққа өтуге дайын екен. Әсіресе америкалық Дэвид Бенавидес (30-0, 24 KO) және мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (62-2, 39 КО) жұдырықтау бойынша ұсыныс түссе.

«Егер үлкен ұсыныстар болса, мәселен, «Канеломен» шығу сияқты, онда біз онымен жұдырықтасу үшін 5 сәуірдегі жекпе-жектен бас тартатын едік», — дейді Берік AZAMAT SPORT YouTube арнасына берген сұхбатында.

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

фото ақпарат осы сілтемеден алынды:

https://kaz.vesti.kz/boxing/janbek-kanelo-ushn-kazakstandagyi-jekpe-jekten-bas-tarttyi-29978/?fbclid=IwY2xjawIlAn1leHRuA2FlbQIxMQABHcXj3pUTZcTpvFJOrcmMNfhNfW7j5MWOpPWUa0uRcQZZk0chH90xrYKgoA_aem_hZdkPn0OuQttdbW72t5dng

Leave A Reply

Your email address will not be published.