Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады?

88

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) алғаш рет британдық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жекпе-жекте WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда Әлімханұлы – Бентли жекпе-жегінің трансляциясын «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Тікелей эфир 13 қараша күні таңертең Астана уақытымен 08:00-де басталады.

Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді. Қазақстандық боксшы Бентлимен жекпе-жегі титулды ерікті қорғау мәртебесін алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.