Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететін болады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, су қар), республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, — делінген ведомстводан.
Қызылорда облысының орталығында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
https://turkystan.kz/article/242578-zha-byr-nayza-ay-zhel-25-s-uirge-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy