Жаңатаста «Жас сақшы» сыныбы ашылды

20
Өскелең ұрпақтың бойында азаматтықты, патриотизмді, ішкі істер органдарында қызмет етуге кәсіби қызығушылығы және полиция қызметіне саналы көзқарасты дамытуға бағытталған қасиеттерді қалыптастыру бағыты бүгінде жүйелі жолға қойылуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы қазақстандықтарға арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында «Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады» дей келіп, елімізде заң мен тәртіп үстем болғанда барлық жағынан да қарқынды даму жүзеге асатынын айтқан болатын.
Осы орайда, бүгін Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында «Жас сақшы» сыныбының ашылуы өтті. Шараға ауданымызға арнайы іссапармен келген Жамбыл облысы Полиция департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаев пен аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған мұндай сыныптардың берері мол екендігін айтып, ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына «Жас сақшы» сыныбының Туы мен арнайы куәліктерді тапсырды.
Шара барысында Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ринат Оразбайұлы мен Мұхтар Әуезов атындағы мектеп -гимназиясының директоры Кенжекүл Сарсекова ынтымақтастық келісім шарт, меморандумға қол қойды. Мектеп өнерпаздары патриоттық рухта әндерді шырқап, салтанатты шараның көркін кіргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.