ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ

115
 Жаңатас қаласы әкімі аппаратының жұмыс жоспарына және қала тұрғындарының ұсынысына сәйкес қаладағы мөлтек аудандардағы 27 қоқыс алаңшаларының маңайы асфальттанып, шығарылатын қоқыстың көлемі ұлғаюына байланысты 10 жерге қосымша алаңша қойылады.
Тапсырыс беруші: «ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КММ
Мердігер: «АЛТЫН ОРДА-2006» ЖШС.
Жұмыстың аяқталу мерзімі: 3.11.2023 жыл.
Бүгін аталған мердігердің жұмысын зерделедім.
Бүгінгі таңда жаңадан қойылатын 10 алаңша арнайы орында металдан құрастырылуда. Қолданылған материал сапасы ЖСҚ — та берілген талаптарға сай, қоқыс алаңшаларының маңайына қиыршық тас түсіріліп, орны дайындалуда.
Аталған мердігерге жұмысты ЖСҚ — қа және бекітілген жұмыс кетесіне сәйкес жасалуы мен сапасы күнделікті бақыланатыны ескертілді.
МӘЛІМЕТ ҮШІН:
Жаңатас қаласында мөлтек аудандарда 31 жерде қоқыс алаңшасы бар. Онда 223 контейнер орнатылып, жыл сайын жаңартылуда. 2020 жылдан бастап тұрғындармен жасалған келісім шарт негізінде қоқыс шығару қызметін
ЖК «СӘУЛЕТ» атқарады. Қала сыртындағы қоқыс полигоны аталған кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға 5 жылға берілген. Бүгінгі таңда кәсіпкердің 1 дана Камаз самосвал, 1 дана погрузчик, 1 дана Газ маркалы қоқыс шығаратын арнайы техникасы бар. 2 дана Камаз базасындағы контейнерден қоқысты артып алатын техникасы мен 1 дана МТЗ 80 тракторы тіркемесімен жалға беріліп, халыққа қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, аталған компания қалада орналасқан кәсіпорындар, мекемелер мен кәсіпкерлік нысан иелеріне де келісім шарт негізінде қоқыс шығару қызметін көрсетуде.
Қоқыс алаңшалары қала әкімі аппаратының теңгерімінде болғандықтан, оларды жыл сайын сырлау, шатыры тозығы жеткен 6 алаңшаны ретке келтіру, қоғамдық жұмысшылардың күшімен кезегімен орындалатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.