Жаңару күні жасыл желек отырғызды

37

Жаңару күні – қоғамда ізгілік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптейтін, адамдарды жақсы істерге бастайтын ерекше күндердің бірі. Бұл күннің басты мәні – әр адамды жаңаруға, өзін жетілдіруге және айналасына пайда әкелуге ынталандыру.

Бұл күні елімізде көктемгі ағаш отырғызу дәстүрге айналған. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. «Наурызнама» аясындағы шарадан Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар да шет қалмады. Олар мекеме аумағының көгалдану, көгеріштену, абаттануына үлес қосып, жасыл желек отырғызды. Тал-дарақтардың көшеттерін суарып, айнала қоршаған ортаның жаңарып, жасара түсуіне сеп болды. Осылайша сотталғандар тал егу арқылы табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғына түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.