ЖАҢАБАЙ МИЛЛИОНОВ-«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

62
Газет пен гаджет бетпе-бет тұрған бұл өтпелі кезеңді өлара шақ десек болады. Жалпы, келешекте нағыз журналист маманды майшаммен іздеуіміз де мүмкін. Кім біледі, бәлкім бәрі керісінше.

Не десек те газетке жан-тәнімен ғашық, өнегелі өмірін тек газетке сарп еткен майталман газетшілердің қатары осы сирегені сиреген. Кейде тіпті кешегі алыптардың көзін көрген, көшелі сөзін сақтап қалған сол тарландардың орнын кім басады деп те ойлаймыз.

Бар саналы өмірін ел игілігіне, ауылының көркейіп, гүлденуіне жұмсайтын азаматтар баршылық. Солардың бірі – баспасөз саласы десе жауапкершілігі мол майталман журналист, ұстаз, журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Ғұмыр Дария» облыстық қариялар газетінің бас директоры, әріптесіміздің өңіріне «Құрмет» ордені тағылды.

Нақтырақ айтсақ бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Аймақ басшысы өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Кешегі күннен жүйрік жоқ. Өтіп бара жатқан қайран уақыт-ай десеңізші. Еңбек бағаланады. Жаңабай ағаның бұқаралық ақпарат саласына қосқан ұзақ жылғы еңбегі де осылай бағаланды.

Үнемі байыпты, байсалды мінезімен өз ортасында түсіністік табуға тырысып, жұмысында өзіне де, өзгеге де талап қоя білген Жаңабай Миллионовты танитындар “нағыз арынды журналист” деп құрметтейді.

«Газеттің өзі бір күндік – сөзі мың күндік. Қанша жерден интернеттен барлық ақпаратты оқып аламыз деген пікір қалыптасса да, газет сусындатқан рухани дүниенің жөні бөлек. Себебі, газет – тәрбие бесігі. Онда сұрыпталған нақты дерек қана жарық көреді» деген түсінік қалыптастырып,  бүгінде Жамбылдық біқаншама қыз жігіттердің майталман журналист болуына септігін тиігізіп келе жатқан Жаңабай Миллионов нағыз құрметке лайық жан.

Марапат құтты болсын! Жазарыңыз таусылмасын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.