Жаңа оқу жылындағы оқушылардың демалыс күндері жарияланды

43
https://www.facebook.com/profile.php?id=61555174895128
Білім мен ізденістің бастау алар жаңа кезеңі – 2025–2026 оқу жылы таяп қалды. Бұл оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады. Балалардың біліммен қатар, демалысқа да уақыт табуы – оқу үрдісінің маңызды бөлігі. Осы орайда, оқушылар үшін жыл бойғы каникул кестесі бекітілді.
1-тоқсан – 8 оқу аптасы.
Күзгі демалыс – 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан 2 қарашаға дейін).
2-тоқсан – 8 оқу аптасы.
Қысқы демалыс – 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін). Бұл уақыт – жаңа жылдық мерекемен тоғысатын, ең көп күтілетін демалыс.
3-тоқсан – 10 оқу аптасы.
Көктемгі демалыс – 11 күн (2026 жылғы 19–29 наурыз аралығы). Табиғат жаңарған кезеңде балалар да жаңа серпінмен алға қадам басады.
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
Жазғы демалыс – 2026 жылғы 26 мамырдан басталады. Балалар үшін ең ұзақ әрі шаттыққа толы мезгіл – жазғы демалыс.
Сонымен қатар, бірінші сынып оқушыларына арнайы қосымша демалыс қарастырылған

Leave A Reply

Your email address will not be published.